Ақша деноминацияланады-мыс деген қауесеттер нарықты тұрақсыздандыруға бағытталған - ҚР Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша деноминацияланады-мыс деген қауесеттер нарықты тұрақсыздандыруға бағытталған - ҚР Ұлттық банкі

Ақша деноминацияланады-мыс деген қауесеттер нарықты тұрақсыздандыруға бағытталған - ҚР Ұлттық банкі

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақша деноминацияланады-мыс деген қауесеттер нарықты тұрақсыздандыруға бағытталған. Бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Бейсенғали Тәжиқов осындай мәлімдеме жасады.

  • 22 Қазан 2007
  • 1282
Фото - Caravan.kz

«Кейінгі кездері расында да ақша деноминацияланады-мыс деген қауесеттер тарады, бірақ, Ұлттық банк деноминациялауға ешқандай дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ және де жүргізілмейді деп бірнеше мәрте мәлімдеме жасады», — деді Б.Тәжияқов республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың сұрағына берген жауабында.

«Мұндай арандатушылық сипаттағы дақпырттар нарықты тұрақсыздандыруға бағытталып отыр деп ресми түрде мәлімдейміз, сол себепті барлық мемлекеттік органдар мұндай әрекеттерге жол бермеуге тиіс», — деді ол.

«Ақша өзгертілмейді деп ресми түрде мәлімдеймін», — деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті