Республика үкімет басшысы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртіптерін жеңілдетуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртіптерін жеңілдетуді тапсырды

Республика үкімет басшысы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртіптерін жеңілдетуді тапсырды

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртіптерін жеңілдетуді тапсырды. Бұл туралы ол үкіметте өткен селекторлық жиында тапсырма берді.

  • 22 Қазан 2007
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Атаулы әлеуметтік көмектерді алуды тауқыметтер туындайтындығы туралы арыз-шағымдар келіп түседі, сол себепті оны алу тәртіптерін жеңілдету мәселелерін қарастырып, маған ұсыныстар енгізуді тапсырамын» — деді Кәрім Мәсімов.

«Құжаттардың саны өте көп, соларды азайту қажет» — деп түсіндірді үкімет басшысы өз тапсырмасының мәнін.

Премьер-министр бұған қоса парламенттің төменгі палатасы 2008 жылға арналған бюджеттің жобасын парламенттің төменгі палатасы бекіткенін еске сала отырып, «ол сенаттың жалпы отырысына қарашаның бірінші онкүндігінде ұсынылады», деді. «Президенттің атаулы және әлеуметтік көмектерге қатысты тапсырмасын орындау мүмкіндіктерін қарастыру қажет», — деді премьер-министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті