«Біз кез-келген қауіп-қатерді, кез-келген тауқыметті жеңе аламыз, барлық проблеманы шешуге дайынбыз», — деді ол.
Премьер-министр өңір әкімдеріне «алдағы мереке қарсаңында өңірлердегі азық-түлік базарларында азық-түлік өнімдері түрлерінің көп мөлшерде қоры сақталуын, кез-келген арандатушылық әректетерге жауап қатуға дайын болу қажеттігін» тапсырды.
«Ахуалды қадағалауда ұстау қажет, вице-премьер Өмірзақ Шүкеев басқарған оперативтік штаб өз жұмысын одан әрі жалғастыруда. Мен мереке алдында барлық әкімшіліктерге міндетті түрде телефон қоңырауын шалып, азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуалға қатысты жайтты анықтайтын боламын», -деді Кәрім Мәсімов.
Ол сондай-ақ, Ұлттық банкке «екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, алдағы мереке күндері банкоматтарда жеткілікті ақшаның болуын қадағалауды» тапсырды.
Сонымен бірге үкімет басшысы жергілікті атқарушы билік өкілдері «халыққа азық-түлік базарлары мен азық-түлік өнімдерінің бағасына қатысты ахуал жайлы нашар түсіндіруде», деп санайды.
«Облыстық әкімшіліктер мен мемлекеттік органдар жергілікті және орталық БАҚ-тар арқылы біздің саясатымызды халықтың назарына жеткізуі қажет», -деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті