Семейде 1-ші ЖЭО жарылыс салдарынан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 1-ші ЖЭО жарылыс салдарынан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

Семейде 1-ші ЖЭО жарылыс салдарынан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

Семей. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" Семейде 1-ші ЖЭО жарылыс салдарынан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің медициналық жедел жәрдем аурузанасының дәрігер-реаниматологы Ермек Абралин хабарлады.

  • 22 Қазан 2007
  • 438
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, 54 жастағы ер адам 19-қазанда көз жұмған. «Ол өте ауыр жарақат алған: ауыр күйіктер, дене терісінің 80 пайызы күйген»,- деді Е. Абралин.

Ол сондай-ақ, қалған екі зардап шегуші әлі де ауруханада жатыр деп хабарлады. «Олардың біреуінің ахуалы өте ауыр. Ал екіншісінің жағдайы бірқалыпты, ол 49 жаста», деп нақтылар өтті дәрігер.

Естеріңізіге сала кетейік, 15-қазанда 1-ші ЖЭО цехтардың бірінде тазалау кезінде жарылыс болған болатын. Соның салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болған. Тағы үші адам көптеген күйіктер алып, ауруханаға жеткізілген болатын.

Аталмыш дерекке қатысты құрылған облыстық комиссия қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтауда. Семейдің еңбек жөніндегі мемлекеттік инспектор Мұрат Түсіпжановтың хабарлауынша, «комиссия өз жұмысын әлі аяқтаған жоқ, тіптен алдын-ала мәләметтердің өзі әлі белгісіз».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті