Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2007 жылдың аяғында 16 млрд долларға жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы  2007 жылдың аяғында  16 млрд долларға жетеді

Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2007 жылдың аяғында 16 млрд долларға жетеді

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2007 жылдың аяғында 16 млрд долларға жетеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников хабарлады.

  • 22 Қазан 2007
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Егер былтыр тауар айналымы 12,8 млрд долларға, ал 2007 жылдың қыркүйек айындағы жағдаймен 10,6 млрд долларға жетсе, осы жылдың аяғына таман 16 млрд доллар көрсеткішіне жетуді меже тұтып отырмыз»,- деді М. Бочарников.

«Бұл өте ауқымды сан», — деді дипломат.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстар аса қарқынды дамып келеді, соның ішінде тек отын-энергетика саласында ғана емес, басқа да түрлі салаларда дамып келеді», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті