ҚР ІІМ-нің вице-министрі АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ-нің вице-министрі АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесті

ҚР ІІМ-нің вице-министрі АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілімен кездесті

Астана. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев пен Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік департаментінің адам саудасын зерттеу және оның жолын кесу мәселесі бойынша жауапты қызметкер Бриттани Браунның кездесуі сенбі күні болып өтті. Бұл жөнінде "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығы хабарлады.

  • 22 Қазан 2007
  • 414
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде адам саудасының жолын кесу мәселесі, сондай-ақ, бірлескен мемлекеттік бағдарламалар және зорлық құрбандарына көмек қолын созатын үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырып отырған бағдарламалар талқыланған.

Сонымен қатар, қылмыстың аталмыш түрлерімен күресудегі екі елдің құқық қорғау органдарының бұдан былайғы ынтымақтастығының жағдайы мен болашағы туралы да сөз қозғалған.

«Вице-министр қонаққа Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметінің басты бағыттары мен Қазақстан полициясының даму мүмкіндіктерімен таныстырды», — деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.