Әзербайжан парламенті Транскаспий құбыр желісі жобасының техникалық- экономикалық негіздемесін жасауға грант бөлу туралы келісімді ратификациялады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан парламенті Транскаспий құбыр желісі жобасының техникалық-  экономикалық негіздемесін жасауға грант бөлу туралы келісімді ратификациялады

Әзербайжан парламенті Транскаспий құбыр желісі жобасының техникалық- экономикалық негіздемесін жасауға грант бөлу туралы келісімді ратификациялады

Баку. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 1,7 млн АҚШ доллары көлеміндегі Транскаспий құбыр желісі жобасының техникалық- экономикалық негіздемесін жасауға грант бөлу туралы келісім 19-қазан күні өткен Әзербайжанның милли меджлисінің (парламенті) отырысында ратификацияланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Қазан 2007
  • 515
Фото - Caravan.kz

16-тамызда Баку қаласында грант белгілеу туралы келісімге қол қойылған. Грант қаражаты көмірсутегіні Орта Азиядан Әзербайжан арқылы Еуропаға тасымалдау үшін Транскаспий газ құбырын және мұнай құбырын салудың техникалық және қаржылық мәселелерін бағалауға жұмсалатын болады.

Алғашқы құбыр желісі Баку — Тбилиси — Жейхан құбыр желісі арқылы Қазақстан мұнайын әлем нарығына тасымалдауға арналған. Ал, екіншісі Қазақстаннан және аймақтың басқа да елдерінен табиғи газды Еуропаға тасымалдауға арналған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті