Әзербайжанның сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовтың журналистерге хабарлауынша, сарапшылардың кездесуі 23-қазанға дейін созылады.
Кездесуге қатысушылар ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелері, есірткінің заңсыз айналымымен, қару-жарақты заңсыз сатумен күрес, «Ислам конференциясы» Ұйымына мүше елдердің құқық қорғау органдарының іс-қимылдарын үйлестіру мәселелерін талқылайды, сонымен қатар «Ислам конференциясы» Ұйымына мүше елдердің құқық қорғау органдары басшыларының отырысын өткізу уақытын белгілейді.
«Ислам конференциясы» Ұйымына мүше елдер сарапшыларының кездесуі ұйымға кіретін мемлекеттердің құқық қорғау органдарының іс-қимылдарын үйлестіруге және ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған. Бакуде «Ислам конференциясы» Ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бұрын өткен конференциясында ұйымға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары басшыларының да конференциясын өткізу туралы шешім қабылданған болатын, және де осы мақсатта Бакуде конференцияны өткізу орны мен уақытын анықтау жөнінде сарапшылар кездесу өткен»,- деп мәлім етті Х. Халафов.
Іс-шараға қатысу үшін Бакуге «Ислам конференциясы» Ұйымына мүше барлық елдердің құқық қорғау органдарының өкілдері келген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті