Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" тектес зымыран тасығыштарды ұшыруға әзірге рұқсат берген жоқ - РФ елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" тектес зымыран тасығыштарды  ұшыруға әзірге рұқсат берген жоқ - РФ елшісі

Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" тектес зымыран тасығыштарды ұшыруға әзірге рұқсат берген жоқ - РФ елшісі

Астана. 22-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" тектес зымыран тасығыштарды ұшыруға әзірге рұқсат берген жоқ. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Қазан 2007
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Менің мәліметтерім бойынша Қазақстан жағы бұл мәселені қазіргі уақытқа дейін қарастырып жатыр»,- деді дипломат.

«Қазақстан жағына осыған байланысты Ресей Федерациясының үкіметінен мәлімдеме жолданған»,- деп атап өтті ол.

М. Бочарников, екі елдің үкіметтік комиссиялары өз жұмыстарын аяқтағандығын, зымыран тасығышының құлау себебі анықталғандығын, аумақтар мен тұрғындарға тексеру жүргізілгендігін еске сала кетті. «Сондықтан да, біздің пайымдауымызша, алдын-ала жасалған кестеге сәйкес үстіміздегі жылдың 25-қазаны мен 28-қарашасына межеленген «Протон» зымыран тасығышының ұшырылымдарын қайта жаңғыртуға ешқандай кедергі жоқ»,- деп қорытындылады елші.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті