Мәжілістің негізгі күн тәртібіне Дүниежүзілік банк тобы қызметінің стратегиялық бағыттарын, жаһандық экономика мен қаржылық рыноктар даму мәселелерін, ХВҚ реформалар бағдарламасының орындалуын талқылау кіреді. ДБ дамуы жөніндегі комитет отырысы орталық іс-шара ретінде қарастырылады.
Қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығымен ынтымақтаса отырып Қазақстанның қаржылық секторының тұсаукесер рәсімін және қабылдау шарасын өткізеді. АҚШ-тың қаржылық және экономикалық құрылымдары алдында Алматыны өңірлік қаржылық орталық ретінде дамуының тұжырымдамасы ұсынылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті