Қостанайда тұтқындауға санкция беру құқығын прокуратурадан сот органдарына беру тақырыбына арналған халықаралық конференция өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда тұтқындауға санкция беру құқығын прокуратурадан сот органдарына беру тақырыбына арналған халықаралық конференция өтті

Қостанайда тұтқындауға санкция беру құқығын прокуратурадан сот органдарына беру тақырыбына арналған халықаралық конференция өтті

Қостанай. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғаларды тұтқындауға және оларды қамауда ұстауға санкция беру құқығын прокуратурадан сот органдарына беру тақырыбына арналған халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қазан 2007
  • 460
Фото - Caravan.kz

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «халықаралық конференцияның мақсаты — Қазақстан Республикасының қылмыстық сот өндірісіне алдын-ала тергеу кезінде соттан санкция беру институтын енгізу мәселелері бойынша талқылау жүргізіп, конструктивті ұсыныстар енгізу болып табылады».

«Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғаларды тұтқындауға және оларды қамауда ұстауға санкция беру құқығын прокуратурадан сот органдарына беру — уақыт талабы және демократиялық тұрғыда дамыған құқықтық мемлекеттің нышаны», — деп мәлімдеді конференцияда сөз алған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Николай Татаринов.

«Іс жүзінде кейбір қиындықтар туындаруы ықтимал, бірақ бұл әзірге заң емес, тек қана заң жобасы, және онда бірқатар негізгі принциптер ғана бар», — деді Н. Татаринов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті