ІІМ департаменттерінде адам құқығын қамтамасыз ету саласындағы полицияның жұмысына мониторинг жүргізетін жұмыс топтары құрылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ департаменттерінде адам құқығын қамтамасыз ету саласындағы полицияның жұмысына мониторинг жүргізетін жұмыс топтары құрылуда

ІІМ департаменттерінде адам құқығын қамтамасыз ету саласындағы полицияның жұмысына мониторинг жүргізетін жұмыс топтары құрылуда

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ІІМ-нің аймақтық департаменттерінде адам құқығын қамтамасыз ету саласындағы полицияның жұмысына мониторинг жүргізетін тұрықты жұмыс топтары құрылуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығынан хабарлады.

  • 23 Қазан 2007
  • 564
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, жұмыс топтары адамның құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласында үздіксіз мониторинг жүргізуге, министрлік деңгейінде де, әрбір ІІД мен қалалық және аудандық орган деңгейінде де полиция қызметкерлерінің заң бұзуына жол бермеуге ықпалды шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

Баспасөз орталығының хабарлауынша, жұмыс топтарын құру жөніндегі шешім вице-министр Алик Шпекбаевтың басшылығымен аймақтық департаменттердің басшыларының қатысуымен ІІМ-інде өткен селекторлық жиында қабылданды. Кеңесте заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

«Тұлғаның өмірлік маңызды мүдделерін, азаматтардың нақты құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен сақтау мемлекет тарапынан полицияға жүктелген барлық міндеттердің ішіндегі ең бірінші, тиісінше, айрықша басымдық берілген міндет болып табылады», — деді А. Шпекбаев.

Кеңесте ІІД-нің есепке алу және тіркеу тәртібін бақылау жөніндегі мекемелік комиссияларының іс-қызметін пәрмендендіру, сондай-ақ, қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту, оны тексеруді тоқтата тұру немесе доғару жөніндегі шешімдердің заңдылығы мен негізділігін мекемелік бақылауды күшейту тапсырылды. Сонымен бірге, учаскелік инспекторлардың, криминалдық полиция қызметкерлері мен тергеушілердің заң бұзу оқиғаларын , сондай-қ, азаматтарды ішкі істер органдарында заңсыз ұстау деректерін анықтау үшін күтпеген жерден тексерулер жүргізіп отыру көзделген, деп хабарлайды баспасөз орталығындағылар.

Вице-министр азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, есепке алу және тіркеу тәртібін нығайту жөнінде қалалық және аудандық, аумақтық және транспорттық ІІД басшыларына тікелей жауапкершілік жүктей келе, қылмыстарды жасырып қалуға жасалатын әрекеттерге жол бермеу үшін кінәлі тұлғаларды қызметтен босатуға дейін шара қолданылатынын айтып ескерту жасады, деп хабарлайды орталық.

Сондай-ақ, кеңес барысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталу мәселелерін ішкі істер министрінің жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында қарау және осы саладағы қоғамдық бақылау жөнінде шараларды дәйектеу мәселелерін қарау ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті