Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның үш азаматын ҚР ҰҚК мен ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері Алматы мен Стамбул арасында қатынайтын № 911 әуе рейсінен алып қалған.
«ҚР ҰҚКнің Алматы қалалық департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабы, 3-тармағының 6 тармақшасында қарастырылған (ұйымдасқан топтың жасаған экономикалық контрабандалық әрекеті) қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады», — деп хабарлайды мекеме.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті