Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 23-қазанда 11.00 Қазығұрт ауданында, бұрынғы әскери полигон аумағында полиция қызметкерлері екі жарылмаған артиллериялық снаряд тауып алған.
«Снаряд табылған жерді Қазақстан Республикасыны Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары келгенше Қазығұрт АІІБ қызметкерлері қоршауға алды»,- деп қосты министрліктің баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті