«Хаттамамен шекаралық еңбеккер-мигранттардың қызметін реттеу саласына толықтыру енгізіледі», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Атап айтсақ, хаттамада «шекаралық еңбеккер» деген ұғымның анықтамасы беріліп, шекаралық еңбеккердің қызметі екі жақты және көп жақты келісімдердің негізінде жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылатындығы көрсетілген.
Хаттаманы бекіту ТМД елдерінің азаматтарына шекаралас мемлекеттердің шекаралық аумақтарында жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасайды», — делінген қорытындыда.
Хаттамаға ТМД елдерінің үкімет басшылары 2005 жылдың 25 қарашасында Мәскеуде қол қойған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті