Семей аймағында абақтыдан қамаудағы тұтқын қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей аймағында  абақтыдан  қамаудағы тұтқын қашып кетті

Семей аймағында абақтыдан қамаудағы тұтқын қашып кетті

Семей. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семей аймағында абақтыдан қамаудағы тұтқын қашып кетті. Бұл туралы Семей аймағының түзету мекемелеріндегі заңдылықтарды қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры Айтмағамбет Серғазин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Қазан 2007
  • 414
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, аталмыш оқиға Приречное аулында орналасқан УЛ-154/4 түзету мекемесінде болған. «Екінші қазанда сотталған түрме әкімшілігіне өзінің туысқандарынан апасының нашар жатқандығы туралы жеделхат келгендігін айтып, жүгінген. Әкімшілік сотталғанға Талдықорғандағы үйіне барып келуге рұқсат берген, бірақ ол белгіленген уақытта кері қайтып оралмаған»,- деді А. Серғазин. Сотталғанның бұл әрекет жазасын одан әрі өтеуден жалтару деп бағалануда.

Әкімшілік аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 359-бабы бойынша (жазасын өтеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады. Арнайы прокуратура сотталғанды ұстап, қамауға рұқсат берді. «Қазір іоған іздеу жарияланған, қашқынның жүрген жерін анықтау мен ұстауға қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде»,- деп хабарлады А. Серғазин.

22 жасар сотталған УЛ-154/4 түрмесінде адам зорлау қылмысы үшін 2004 жылдың қарашасынан бері жазасын өтеуде. «Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ сот үкімімен тағайындалған жазасының үштен бір бөлігін өтеген ол абақты-мекенге ауыстырылып, сол жерден қашып кеткен»,- деп түсіндіріп өтті арнайы прокурор.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті