Астанадағы бөлшек сауда желісімен салыстырғанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесіндегі баға 30 - 50% төмен - әкімшілік - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы бөлшек сауда желісімен салыстырғанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесіндегі баға 30 - 50% төмен  - әкімшілік

Астанадағы бөлшек сауда желісімен салыстырғанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесіндегі баға 30 - 50% төмен - әкімшілік

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы бөлшек сауда желісімен салыстырғанда, ауылшаруашылығы жәрмеңкесіндегі баға 30 - 50% төмен, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қазан 2007
  • 473
Фото - Caravan.kz



Қаладағы қызметтер мен мекемелердің жетекшілерінің қатысуымен өткен шұғыл жиында ауылшаруашылығы жәрмеңкесінің алғашқы қорытындысы шығарылды.

Осы кеңесте қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың хабарлағанындай, «ауылшаруашлыығы өнімдерінің жәрмеңкесі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін сатушылардың бағасына тікелей апта сайын өткізілуде».

Астанадағы бөлшек сауда желісімен салыстырғанда ауылшаруашылығы жәрмеңкесіндегі баға 30 — 50% төмен.

Осы орайда еске салсақ, 24 қазанда «Шапағат» базарының аумағында Ақмола облысының Целиноград ауданында өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінің бірінші жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге Ақмола облысынан 30-дан астам кәсіпкер, соның ішінде «Ақмола-Феникс» ЖШС, «АФ «Родина» ЖШС, «Бірлік» ЖШС мен басқа да шаруа қожалықтары қатысты.

Сатылған өнімнің көлемі 6 млн теңгеге 24 тоннадан асты. Жәрмеңкеге 8 мыңнан астам адам келді.

Осындай жәрмеңкелер «Шапағат» коммуналдық базарының аумағында әрбір жексенбі сайын желтоқсан айына дейін өткізіліп тұрмақ.