Астана қаласының бюджетіне салық және төлемдер түрінде 57 млрд теңгеден астам қаржы түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана қаласының бюджетіне салық және төлемдер түрінде  57 млрд теңгеден астам қаржы түсті

Астана қаласының бюджетіне салық және төлемдер түрінде 57 млрд теңгеден астам қаржы түсті

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының бюджетіне ағымдағы жылдың басынан бері салық және төлемдер түрінде 57 млрд 671 млн теңге, соның ішінде қазанның 22 мен 28 аралығында 1 млрд 159,1 млн теңге көлемінде қаржы түсті. Бұл туралы қалалық мекемелер мен қызмет басшыларының қатысуымен өткен шұғыл жиында Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев хабарлады.

  • 29 Қазан 2007
  • 428
Фото - Caravan.kz

Е. Аманшаевтың ақпаратына сәйкес, салық заңнамасы мен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі» ҚР Кодексін бұзғаны үшін есепті мерзімде 45 шаруашылық субьектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айыппұлдар көлемі 1 млн 690 мың теңгені құрады.

24 қазандағы жағдаймен Астана қаласының бюджеті кіріс бойынша 98% орындалды. Бюджет қаржысы 84,9% игерілді, немесе жоспарланған 156 млрд теңгенің 133 млрд теңгесі игерілді.

Өткен аптада бұған қоса заңды тұлғаларға төрт кешенді тексеру жүргізіліп, қосымша 3 млн 779 мың теңгенің салықтары мен айыппұлдары өндіріп алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті