Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау мәселелері бойынша оқудан өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау мәселелері бойынша оқудан өтті

Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау мәселелері бойынша оқудан өтті

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Нидерландыда Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдеріне арнап ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау мәселелері бойынша оқу семинары өтті. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Қазан 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің нақтылауынша, «ЕҚЫҰ жүйесі және ұйымға төрағалық жасау принциптері» тақырыбы бойынша Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, қаржы министрлігі мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдеріне арналған қарқынды семинар 15 — 26 қазан аралығында Гаага қаласында, Нидерланды мемлекеттік басқару институтында осы елдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен өткізілді.

«Нидерланды мемлекеттік басқару институты ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаудың тәжірибелік мәселелеріне арналған арнаулы бағдарлама жасап шығарған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі. «ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаушы мемлекеттің жалпы міндеттеріне және ұйымның өз шеңберіндегі нақты ықпалдастық схемаларына арналған семинар Нидерланды елінің 2003 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық ету тәжірибесін ескере отырып өткізілді», деп хабарлайды мекеме.

«Нидерланды мемлекеттік басқару институтының басшылығы беделді халықаралық ұйымдарда табысты жұмыс істеу қабілетіне ие Қазақстан үшін маман дайындау ісіндегі ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді», -делінген хабарламада.

Нидерланды мемлекеттік басқару институтын 1980 жылы Нидерланды корольдігінің байланыс және ішкі істер жөніндегі министрлігі осы елдің мемлекеттік қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру үшін құрған. Қазіргі заманғы оқыту стандарттарына сәйкес, институтқа халықаралық оқу орны мәртебесі берілген, оның аясында Еурокомиссияның ЕО мемлекеттік органдарының өкілдеріне арналған бағдарламалар жүзеге асырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті