Әділет министрлігі "Биометрия туралы" заң жобасын жасауды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әділет министрлігі  "Биометрия туралы" заң жобасын жасауды жоспарлауда

Әділет министрлігі "Биометрия туралы" заң жобасын жасауды жоспарлауда

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Әділет министрлігі үкіметтің келесі жылға арналған заң жобасын жасау жұмыстарының жоспарына "Биометрия туралы" заң жобасын жасауды енгізбекші. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкімет сағатында сөз сөйлеген әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Қазан 2007
  • 1162
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстық -атқару жүйесі комитеті «Биометрия туралы» заң жобасын жасауға бастама көтеріп отыр. «Биометрия туралы» заңның болуы секілді аса күрделі проблемаға назар аударатын мерзім жеткен секілді», — деді З.Балиева.

Ол осыдан бірнеше жыл бұрын «Дактилоскопия туралы» заң жобасының депутаттық корпус тарапынан қолдау таппағанын еске салды.

«Әр уақыттың өз қояр талабы бар. Қазір дүниежүзі жаңаша ережелерге сәйкес өмір сүруде, әрбір мемлекет лаңкестік және радикализм секілді көріністерден қорғануға талпынуда», — деп санайды министр.

«Көптеген мемлекеттер халықтың биометриялық мәліметтерін, атап айтқанда, көз қарашығы, саусақ іздері, бет-пішін, ДНК, қан тобы және басқа да параметрлерге қатысты мәліметтерді жинай бастады. Біз де осындай идеямен сіздердің алдарыңызға келмекшіміз», -деді З.Балиева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті