«20-қарашаға дейін заңға сәйкес Алматы қаласындағы құрылыстарды құрылыс салу және нысандарды реконструкциялау барысында жергілікті атқару органдарының міндетті түрде рұқсатын алу тұрғысынан ретке келтірілсін»,- деді Кәрім Мәсімов.
Үкімет басшысы сондай-ақ «Бекінбай мен Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің су қорғанысы аймақтарында шекара белгілеуді» тапсырды. Сонымен қатар, Алматы әкіміне «2008 жылдың 1-мамырына дейінгі мерзімде Бекінбай мен Кіші Алматы өзендерінің шатқалын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу» тапсырылды. Алматы әкіміне 2008 жылдың 20-желтоқсанына дейін «Алматының қаласының маңын дамытудағы қала құрылысы жоспарлауының кешенді жобасын әзірлеу» тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті