Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кәмелеттік жасқа толмаған Е. Әбдібев сегіз жасында ата-анасынан айырылған. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін Сәтпаев қаласында баланың әкесі 1983 жылы сатып алған үй қалған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес отбасындағы жалғыз бала Е. Әбдібаев бірінші кезектегі мұрагер болып табылады. «Бірақ қайтыс болған әкенің інісі бұл туралы біле тұра нотариусты әдейі жаңылыстырып, 2006 жылы баланың ата-анасы қайтыс болғаннан кейін арттарында қалған мұраға қатысты құқық туралы куәлікті алған»,- деді баспасөз қызметіндегілер.
«Осы куәлік негізінде оған үй мен оған қосымшаланған жерге деген меншік құқығы тіркелген. Сөйтіп, кәмелеттік жасқа толмаған баланың әкесі өлгеннен кейін қалған жылжымайтын мүлікке деген құқығы өрескел бұзылған»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Аталмыш деректі анықтаған Жезқазған прокуратурасы Сәтпаев қаласының сотына жасөспірім мүддесі үшін шағым-арыз ұсынған. Сот прокурордың шағым арызын қанағаттандырды, ал өлген адамның ағасына рәсімделген мұрагерлік туралы куәлік пен үй және жер теліміне меншік құқығын беретін басқа да құжаттар жарамсыз деп танылды, деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті