Ертіс арнасынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертіс арнасынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды

Ертіс арнасынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды

Өскемен. 7-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ертіс арнасынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қараша 2007
  • 355
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қайық станциясының маңынан, Ертіс өзенінің арнасынан 1,5 метр тереңдіктен жаңа туған қыздың өлі денесі табылған. Оқиға болған жерден сондай-ақ ақ жайма, бетон плиталардың бөлшектері, қайшы және көрпе табылған.

«Медициналық сараптама барысында, нәрестені суға батырардың алдында оны өлтіруге әрекет жасалған, жаңа туған нәрестенің мойнында, тамағы мен кеңірдегінің тамырларын жарақаттаған іздер анықталған»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні — тұрғылықты жері жоқ 36 жастағы әйелді ұстаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті