Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашы және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің II Форумы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашы және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің  II Форумы өтуде

Астанада ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашы және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің II Форумы өтуде

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашы және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің II Форумы өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 605
Фото - Caravan.kz

«Форумның мақсаты — мәдени, ғылыми және білім беру салаларындағы дәстүрлердің сабақтастығын, Достастық аясында өмір сүретін халықтардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының өзара байланысын паш ету, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы жаңаша идеялармен алмасу арқылы бір-бірін байыта түсуге саяды», — делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан баспасөз баянында. Форумның басты бағдары — 2020 жылға дейінгі осы салалардағы процестердің даму сценарийлерінің болжамын жасау.

«Мәдениет, ғылым және білім — Достастық елдерінің болашақ ұрпақтарына!» деген ұран астында өтіп жатқан екі күндік форум ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өткізілуде. Қазақстан жағынан бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақ әуендері» АҚ ұйымдастырып отыр.

Форумда ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының атынан жас шығармашылық өкілдеріне арнап жыл сайынғы гранттар тағайындау мен ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық және қоғамдық іс-қызмет салаларындағы Достастық сыйлықтарын тағайындау жоспарлануда.

Форумға мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы элита өкілдері, ТМД елдерінің профильді мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі мен мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының басқармаларының өкілдері қатысуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашы және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің I Форумы 2006 жылдың 14 — 15 сәуірінде М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің кітапханасында өтті.

Форум өткізу туралы шешім 2005 жылдың тамыз айында Қазан қаласында өткен ТМД елдерінің саммитінде қабылданды. Оған шығармашы және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің ТМД мемлекет басшыларына арнап мәлімдеме қабылдауы себеп болды. Форумды ТМД үкімет басшыларының кеңесі қолдады.

Форумның басты мақсаты — зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне, ұлттық және діни төзімсіздікке қарсы күресте гуманистік идеалдардың негізінде жұршылықты өзара біріктіру болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті