«2007 конкурстық өндіріс мерзімдерін өткізіп алған банкрот-ұйымдар саны 6 есеге кеміді. Яғни 9,7- ден 1,6 % төмендеді», — деді Н. Коржова.
Сонымен бірге » конкурстық өндірістердің әкімшілік шығыны үш есеге дейін қысқарып, 2007 жылдың тоғыз айында 1592 млн тенгені құрады. Ал 2006 жылы бұл 4898 млн теңгеге жеткен «.
Қаржы министрлігінің басшысы атап өткеніндей, «банкроттық саласында әкімшіліктік басқаруды күшейтудің арқасында жақсы нышандар байқала бастады». Оның сөзіне қарағанда таратылып, қайта құрылған кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындарының саны айтарлықтай өсу ағымы байқалады. «Соңғы бес айда 136 мың жұмыс орны бар 1547 ұйым қайта құрылды», — деді Н. Коржова.
Министрдің ойынша, «сыртқы бақылау тәжірибесін пайдалану өзінің жемісін беруде».
«Сараптама бойынша, оны пайдалану арқасында, берешегі бар кәсіпорындар 3387 млн теңге қарыздарын өтеген. Банкроттық процедуралары арқылы елде жіргізілген қаржы- экономикалық сауықтыру жұмыстары нәтижесінде бюджет қоржыны 2840 млн теңгеге толықты», — деп түсіндірді Н. Коржова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті