«Бұл форумды ТМД-ның гуманитарлық өміріндегі ең ірі жыл сайынғы шара деп атауға болады», — деді В. Путин, осы орайда «шараның ТМД елдерінен келген әріптестер мен үзеңгілестердің тікелей пікір алмасуы үшін аса қажетті алаңға айнала түсуде «, деп атап өтті. «Осындай пікірталастардың барысында ынтымақтастығымызды жаңаша бастамалармен және жобалармен байыта түсуге қатысты нақты ұсыныстар туындайды», -деді ол.
«Биыл кездесудің басты тақырыбы ретінде мәдени, ғылыми және білім беру салаларындағы байланыстардың сабақтастығы мен ТМД елдерінде шығармашы жастардың қалыптасуы мен өсуінде атқаратын маңызы тақырыптарыынң таңдап алынуы қуантады», — деді РФ президенті. «Халықтардың рухани-мәдени дәстүрлерінің ортақтығы осы кеңістікте әрқашан да бағасын жоймайтын гуманистік құндылық қалпында қала береді. Сол себепті біздің мемлекеттеріміздің болашағы өскелең ұрпақтың кәсіпқойлығы мен жоғары мәдениетіне, олардың өзара мүдделі ықпалдастығына тікелей байланысты», -деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті