Астанада жыл басынан 2 млн шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жыл басынан 2 млн шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді

Астанада жыл басынан 2 млн шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жыл басынан бері заңдастырылған нысандарды ескергенде, 1млн 161 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артық. Бұл туралы бүгін Астана әкімдігінің шұғыл жиналысында айтылды деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Жыл басынан бері 56 көп пәтерлі тұрғын -үй тапсырылды. 6848 пәтер 744 мың шаршы метрді құраса, 535 жеке тұрғын үйдің ауқымы 133 мың шаршы метр, ал 192 әлеуметтік- мәдени ғимарат 360 мың шаршы метрді алып жатыр», — деп хабарлады қала әкімінің орынбасары.

«Естеріңізге сала кетейін, 2006 жыл қорытындысынде 1,0023 млн шаршы метр баспана өткізілсе, биылғы жылдың 1 қарашасында бұл көрсеткіш 1,14 есеге дейін ұлғайған», — деді С. Хорошун.

Оның сөздері бойынша, жер қатынастары басқармасына жеке және заңды тұлғалардан кәсіпорын нысандарының құрылысына, жер учаскелерін бөліп беру, қолданыстағы ғимараттардың сәулетін өзгертіп, оның бос жеріне қосымша нысандар салу жөнінде сияқты түрлі 230 арыз келіп түскен. Оның 12-сі қайтарылып, 218 арызға қол қойылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті