"KazSat 2" жер серігінің эскиздік жобасы қорғалды - ҚР РҒБО президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"KazSat 2" жер серігінің эскиздік жобасы  қорғалды -  ҚР РҒБО президенті

"KazSat 2" жер серігінің эскиздік жобасы қорғалды - ҚР РҒБО президенті

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық , ғылыми-өндірістік орталығы" Федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны (М. Хруничев атындағы МҒҒӨО ФМБК) "KazSat 2" жер серігінің эскиздік жобасын қорғап шықты. Бұл туралы бүгін "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ (РҒБО) президенті Виктор Лефтер Байланыс саласындағы достастықтың аймақтық әкімшіліктерінің басшылары кеңесінің 38-ші отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 650
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен «KazSat 2» жер серігін жасау бойынша мынадай жұмыстар атқарылды: «KazSat 2″ ғарыштық кешенінің эскиздік жобасы жасалып, шығарылды, тапсырыс беруші үкіметтің алдында эскиздік жоба қорғалды, Қазақстан Республикасы мен М. Хруничев атындағы МҒҒӨО ФМБК арасында жоба кезеңін қорғау жөніндегі хаттама мен екі жақ делегациясының бірлескен отырысының шешіміне қол қойылды», — делінген баяндама мәтінінде.

Құжатта атап көрсетілгеніндей, екінші байланыс және хабар таратушы жер серігін жасау жөніндегі шешімді Қазақстан үкіметі ғарыштық байлагысты дамыту мақсатында қабылдады». «Осыған байланысты, KazSat ресурстарын толықтыру жағдайына жүргізілген талдау, халық пен операторлардың спутниктік байланыс жүйелерінің қызметіне деген сұраныстың арта түсуіне байланысты РҒБО мамандары жобаның техника-экономикалық негіздемесі мен техникалық тапсырманы жасап, «KazSat 2» жер серігінің байқау құжаттарын дайындап, екі сатылы процедураны пайдалану арқылы жабық байқау өткізіліп, 2006 жылдың 20 қазанында байқау жеңімпазы — М. Хруничев атындағы МҒҒӨО ФМБК-мен «KazSat 2″ жер серігін жасау және ұшыру жөнінде келісім-шарты қол қойылды»,- делінген құжатта.

«KazSat 2″ жобасы ғарыштық байланыс кешендерін құрудың аппаратты жасауда перспективалы материалдарды және қазіргі заманғы элементтер базасын пайдалану, сондай-ақ, борт жүйелерін жасауда сандық технологияларды пайдалану, ғарыштық платформаның негізінде апапарат құрудың модульдік принципін пайдаоану, аппараттың герметикалық емес түрде жасалуы, ұзақ уақытқа қолдануға мүмкіндік беретін электрлі-реактивтік қозғалқыштарды қолдану секілді заманауи технологияларын жүзеге асыруға негізделген», — делінген баяндамада.

«»KazSat 2» ғарыштық аппараты конструкторлық-технологиялық шешімдерді, конструкциялық материалдар мен қорғаушы қаптамаларды жоғары деңгейде пайдалану, «KazSat» аппаратын жасауда пайдаланылған өндірістік жабдықтар мен озық өңдеу тәсілдерін пайдалануға негізделген, «KazSat 2″ конструкциясының жинақылығымен және жабдықтармен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгендігімен сипатталады»,- делінген құжатта.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, В. Лефтер журналистерге берген сұхбатында «KazSat 2» ғарыштық аппаратын 2009 жылдың қараша айында ұшыру жоспарланып отырғанын жеткізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті