Кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 3 азаматы Ресейде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кісі  өліміне қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 3 азаматы Ресейде  ұсталды

Кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 3 азаматы Ресейде ұсталды

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының аумағында жасалған кісі өлтіру қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен Ресейде Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Бұл туралы агенттікке ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығынан хабарлады.

  • 13 Қараша 2007
  • 417
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпараты бойынша, РФ Саратов облысының Балдашов қаласында, РФ ОІІБ криминалдық милиция қызметкерлері және Қарағанды облыстық ІІД криминалдық полициясының қызметкерлері биылғы жылдың ақпан айында «Тайбағаров» кәсіпорынында күзетшіні өлтіргені үшін іздеуде жүрген 25 жастағы Қарағанды тұрғыны мен Оңтүстік Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Баспасөз орталығында хабарлағанындай, РФ Ингушетия Республикасының Назрань қаласының, Назрань АІІД криминалдық милициясы және ОҚО ІІД криминалдық полициясымен бірлесе отырып, әпкесін өлтіргені үшін іздеуде жүрген 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын Назрань қаласында ұсталды.

Бүгінде Минск конвенциясына сәйкес, құрықталған үш күдіктіні Қазақстанға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті