«Жоба бойынша бас мердігер ретінде қазақстандық «К-Дорстрой», жоба авторы — РМК «Қазаэропроект»» деп хабарлайды министрлік.
ККМ мәліметі бойынша, жобаның бағасы 5,35 млрд тенгені құрап, қаржы көзі -республикалық бюджет болды.
Жобаға сәйкес «қайта жөндеу жұмыстарында әуежайдың ұшу-қону алаңы 500 метрге ұзартылып, күшейтілді», деп түсіндірілді баспасөз қызметіндегілер. Министрліктегілер атап өткеніндей, сондай-ақ, «перрон, жол тораптары, халықаралық азаматтық авиация ұйымының 1 санаты бойынша, жаңа дыбыстық жарық жүйесі орнатылып, электр қуатының жүйесі мен радиотехникалық құрал — жабдықтар қайта жөнделді».
«Әуежайдың геометриялық түрі жақсартылғандықтан, (ұзындығы 3300 метр, ені 60 метр) бүгінде Шымкент барлық әуе ұшақтарды, соның ішінде «Боинг-747» ұшақтарын қабылдай алатын қауқары бар деп хабарлайды министрік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті