«Әлемдік қаржы нарығындағы тұрақсыздық барысында ел экономикасының даму қарқыны алдағы жылы жоғары деңгейде қалатынына Қазақстан үкіметі сенімді. Үкіметтің берген бағасы бойынша, 2008 жылы экономоканың дамуы 5 — 7% төмен болмайды», — деді К. Мәсімов.
Оның сөздеріне қарағанда, бұған Қазақстанның экспортқа шығарылатын мұнай, металл, бидай сияқты тауарлары құнының жоғары деңгейде сақталуы қолғабыс болады. «Экспортқа бағытталған секторлардың жылдам дамуы, экономикадағы басқа секторларға демеу болып, шағын және орта бизнестік дамуына да үлесін қосады «, — деген сенімде премьер.
«Ағымдағы жылдың экономикалық көрсеткіштері бойынша, Қазақсан тұрақты орында екенін дәлелдейді: биылғы жылдың 9 айында ЖІІ өсімі 109,7% құрады», деп қорытындылыда премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті