«Бұл жігіт өзінің туған жері — Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында сонау 1998-жылдың аяғында екі бірдей кісі өлтірген. Құрбандардың денесінен жиырма шақты пышақ жарақаттары табылды. Сонымен бірге ол тағы екі әйелді ауыр жарақаттады. Қазақстанның құқық қорғау органдарының өз ізіне түскенін сезген ол көршілес Қырғызстанға қашып, Чу облысының Сокулук ауылында тұрақтап қалған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
«Алайда, қырғыз милициясы қызметкерлері ұзақ іздеудің нәтижесінде кісі өлтіргішті тауып алды. Ендігі жерде қылмыскер Қазақстанның құқық қорғау органдарына табысталады», — деп хабарлайды Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті