Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша инфляция екі сандық көрсеткішпен есептелінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша  инфляция  екі сандық көрсеткішпен есептелінеді

Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша инфляция екі сандық көрсеткішпен есептелінеді

Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық банк төрағасы алғаш рет 5 жылда елімізде инфляция деңгейі екі сандық көрсеткішпен белгіленуі мүмкін деді. Мұндай болжамды Әнуар Сәйденов журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Қараша 2007
  • 577
Фото - Caravan.kz

Ә. Сәйденовтың ойынша » жарты жылдық және жылдық инфляция деңгейі қыркүйектің аяғында болған 10% жарты жылдықтың деңгейін , ал 15% — жылдық инфляция көрсеткішінде болуы мүмкін. Ал екі сандық инфляция көрсеткіші 5 жылдың ішінде бірінші рет орын алып отыр».

«Кыркүйек және қазан айларында көтерілген инфляцияның (азық-түлік бағасының шарықтауы) монетарлық факторлармен байланысы жоқ, бұл бір реттік шарықтау», — деп түсіндірді ол.

Банк басшының еске салғанындай, Қазақстанда 9 айда ақша массасы 21%, ал қаржы базасы өзгермеген, қазан айын жыл басымен салыстырсақ, ондағы ақша мөлшері 1,5 трлн теңге болды». «Сондықтан монетарлық факторлардың да өз ықпалы бар, бірақ бағаға қысым жасайтындай , жүйеде ақша көп емес», — деді Ұлттық банк төрағасы.

Ә. Сәйденов айтқанындай » баға өсуінің негізгі себебі-сыртқы әсерден болып отыр. Ол қаржы секторында туындады, бағаларға қатысты да сондай жағдай болды».

«Бидай бағасы өсті, ал сыртқы нарықта сұйық май құны тіпті шарықтап кетті. Соның қорытындысында, импорт арқылы инфляция ішкі бағаларға да әсерін тигізді».

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы атап өткеніндей, бағаның өсуіне сондай-ақ тарифтердің суі сияқты ішкі факторлар да ықпалын тигізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті