Баспасөз қызметінің хабарлауынша, атап айтсақ, мемлекет басшысының жарлықтарымен Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі; Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасы Қаржы министрі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Наталья Артемовна Коржова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Владимир Карпович Божко басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті