Мәжілісте Қоғамдық палата құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте Қоғамдық палата  құрылады

Мәжілісте Қоғамдық палата құрылады

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте Қоғамдық палата құрылады. Бұл туралы бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің вице-спикері Сергей Дьяченко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қараша 2007
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде парламент мәжілісінің сайлау қорытындысын ескеріп, барлық саяси күштермен қарым-қатынас жасап, олармен диалог орнату үшін, парламент мәжілісі жанынан қоғамдық палатаның құрылуы дұрыс шешім «, — деді С. Дьяченко.

Оның сөздері бойынша, палата құрамына мәжіліс пен сенат депутаттары, парламент сайлауынан өте алмаған саяси партиялардың өкілдері, құқық қорғау ұйымдары мен қоғамға танымал, елге еңбегі сіңген тұлғалар түгелдей қамтылатын болады.

«Қоғамдық палатаның негізгі міндеттеріне: қарастырылып жатқан заң жобалар бойынша пікірлер мен ұсыныстар жасау, жаң зобаларды сараптамадан өткізу сияқты мәселелер кіреді. Сондай-ақ, олардың қабылдануынан туындайтын өзгерістер мен қоғамдағы пайдасы талқыланады», — деп толықтырды С. Дьяченко.