Баспасөз қызметінің хабарлауынша, атап айтсақ, мемлекет басшысының жарлықтарымен Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі; Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасы Қаржы министрі болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Наталья Артемовна Коржова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметінен босатылды.
Б. Жәмішев 1957 жылы Талдықорған облысында туған. Қазақ ауылшарушалық институтын бітіріп, экономист дипломын алып шыққан, экономика ғылымының кандидаты. 2006 жылдың маусымынан бастап Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы лауазымында қызмет атқарған. 2006 жылдың қаңтарында бұл лауазымға Арман Дунаев тағайындалған болатын.
В. Божко 1949 жылы Алматыда дүниеге келген. 1971 жылы В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, заң ғылымының кандидаты, доцент. 2001 жылдың желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті