Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана. 14-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Қараша 2007
  • 623
Фото - Caravan.kz

«Аталмыш келісім біздің іс-қызметіміз үшін тек Қазақстанмен ынтымақтастық жасауда ғана емес, бүкіл Орталық Азиямен өзара ықпалдастық аясында да өте маңызды болып табылады»,- деп атап өтті Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі бас комиссары Антонио Гутеррес Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен жүргізген келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында. «Мұндай құжат босқындар статусы туралы Конвенцияға қол қойған елдер үшін басты құрал болып табылады»,- деп қосты ол. «Қазақстанда босқындарға баспана беру туралы заңнаманы әзірлеудің жүзеге асырылып жатқандығы жайлы білу мен үшін қуантарлық жағдай»,- деп атап көрсетті А. Гутеррес.

«Қазақстандағы экономикалық дамудың нәтижесінде, адамдар жақсы өмір іздеп осында көшіп келіп жатыр және де олардың кейбірі қорғауды қажет етеді»,- деп атап өтті А. Гутеррес. «Сондықтан Қазақстанның осы мәселе жөніндегі тәжірибелері өте маңызды болып табылады»,- деп атап өтті ол.

А. Гутеррес сондай-ақ, «Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі басқармасының Қазақстан Республикасымен серіктестігі ауқымды әлемдік серіктестік болып табылады. Босқындарды қорғауды қамтамасыз ету және көші-қон мәселелері жөніндегі саясат пен стратегияны анықтауда Қазақстан айрықша әсер етеді»,- деп атап көрсетті.

Қазақстанның сыртқы істер министрі өз кезегінде, «аталмыш келісім Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Басқармасының өзара ықпалдастығының құқықтық негізі болатындығын» түсіндіріп өтті. «Қол қойылған келісім аталмыш ұйымның Қазақстан аумағындағы өкілдігінің іс-қызметін реттеп, оның қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді және де тараптардың аталмыш келісімді орындаудағы міндеттерін нақты белгілейді»,- деп атап өтті М. Тәжин.

Ол, Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасының Қазақстандағы өкілдігі 1995 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандығын еске сала кетті. 1998 жылы Қазақстан Республикасы «Босқындардың статусы туралы» конвенцияға қосылған болатын. Министрдің айтуынша, республикамыз тәуелсіздік алғаннан бергі 16 жыл ішінде өз аумағына 15 мың босқынды қабылдаған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі бас комиссары өз сапары аясында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сағындық Тұрсыновпен, Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровпен кездеседі деп жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті