Шымкентте халықаралық анимациялық кинофестиваль өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте халықаралық анимациялық кинофестиваль өтеді

Шымкентте халықаралық анимациялық кинофестиваль өтеді

Шымкент. 14-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте 21 - 25 қараша аралығында "Алтын жебе" халықаралық анимациялық кинофестиваль өтеді, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен. Облыс әкімі Нұрғали Әшімов "Алтын жебе" халықаралық анимациялық кинофестивалінің құрметті төрағасы Әмен Хайдаровты қабылдады, кездесу барысында кинофестивальді өткізу мәселелері, сонымен қатар ұлттық анимация саласындағы ахуал талқыланған.

  • 14 Қараша 2007
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Іс-шараның басты мақсаты — ұлттық анимациялық мәдениетті насихаттау. Мультфильмдер арқылы жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге болады»,- деп мәлім етті кездесуге қатысушылар.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мұндай фестиваль өткізу жөніндегі бастаманы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі көтерген. Фестивальде 20 елден, соның ішінде АҚШ, ТМД елдері мен Қытайдан келген аниматорларды жинау жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті