Шымкенттің орталығында көліктің өртенуі салдарынан екі жүргінші жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенттің орталығында көліктің өртенуі салдарынан екі жүргінші жарақат алды

Шымкенттің орталығында көліктің өртенуі салдарынан екі жүргінші жарақат алды

Шымкент. 14-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Шымкентте, Тәуке хан даңғылында УАЗ көлігі өртенді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Қараша 2007
  • 353
Фото - Caravan.kz

Өрт сөндірушілердің мәліметтеріне сүйенсек, өрттің шыққандығы туралы хабар 14.20 келіп түскен. Куәгерлердің айтуынша, бір монтаждау ұйымына тиесілі УАЗ көлігі өртенген. Осы ұйымның жұмысшылары даңғыл бойында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Өрт сөндірушілердің болжамдарына сүйенсек, техникалық қауіпсіздік талаптары бұзылған.

Қызып кеткен 50 литрлік газ баллоны жарылып, жарылыс салдарынан екі жүргінші зардап шекті.

Көлік түгелдей жанып кеткен. Жүргізуші мен жұмысшылар оқиға орнынан бой тасалаған.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті