Алматыда жер қазу жұмыстары кезінде су таратқышқа зақым келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жер қазу жұмыстары кезінде су таратқышқа зақым келді

Алматыда жер қазу жұмыстары кезінде су таратқышқа зақым келді

Алматы. 15 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жер қазу жұмыстары кезінде су таратқышқа зақым келді. Бұл туралы агенттікке қалалық "Құтқару қызметінен" хабарлады.

  • 15 Қараша 2007
  • 523
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсіндіруінше, 14 қарашада 19 сағат 14 минутта Сайын және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында «НефтеТрансСтрой» ЖШС-нің жер қазу жұмыстары кезінде диаметрі 600 мм-лік су таратқышқа ақау келді.

«Соның салдарынан 1,2, 3 Таугүл ықшамаудандарының, Жандосов — Навои, Жандосов — Яссауи, Навои — Рысқұлбеков көшелерінің тұрғындары суық сусыз қалды», — деп хабарлайды «Құтқару қызметіндегілер».

Қалпына келтіру жұмыстарын «НефтеТрансСтрой» ЖШС топтары жүргізді. Барлық үйлерге бүгін су жіберілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті