Еурокомиссия Орта Азия және Еуроодақ мемлекеттерінің компаниялары арасындағы өзара ықпалдастықты дамыту жобасын дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еурокомиссия Орта Азия және Еуроодақ мемлекеттерінің компаниялары арасындағы өзара ықпалдастықты дамыту жобасын дайындады

Еурокомиссия Орта Азия және Еуроодақ мемлекеттерінің компаниялары арасындағы өзара ықпалдастықты дамыту жобасын дайындады

Алматы. 15-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық комиссия компаниялардың (бизнес - бизнес) арасындағы ықпалдастықты дамытуды және Еуропалық одақ пен Орта Азия арасындағы байланысты тереңдетуді қарастыратын "Еуроодақтың Орта Азияға салымы" жобасын дайындады. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Еурокомиссия өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 15 Қараша 2007
  • 592
Фото - Caravan.kz

Б. Ферреро-Вальднер 13-қараша күні Берлин қаласында ХХІ ғасырдағы Еуроодақ пен Орта Азия арасындағы жаңа экономикалық серіктестік мәселелеріне арналған жоғары деңгейдегі конференция аясында Орта Азияның бес мемлекетінің сыртқы істер министрліктерінің өкілдерімен кездесті, деп көрсетілген баспасөз баянында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б. Ферреро-Вальднер өз баяндамасында Еуроодақ «Орта Азияның ивестициялық жағдайын жақсарту және онда инвестиция тартуға ықпал ету мақсатымен аталмыш аймақтағы серіктес елдерді қолдауды жалғастыра бермек», — деп атап көрсетті.

Комиссар экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықтың әртүрлі салаларын атап өтті. Сонымен қатар, ол Еуроодақ «әсіресе, Ауғанстандағы ахуалды есепке ала отырып, Орта Азия аймағындағы күрделі жағдайды түсінетінін» атап көрсетті. Еуроодақ тиімді шекаралық бақылау әдісін енгізу жолымен аймақ қауіпсіздігі, заңсыз көші-қонмен күрес, адам саудасы және есірткінің заңсыз айналымы мәселелеріне қатысты қазіргі диалог шеңберінде өзара ықпалдасуды жалғастыруға дайын. Ол тәжік-ауған шекарасында көмек көрсету басымдық ретінде қалатынын атап көрсетті.

Ағымдағы келісімдер және Еуроодақ пен Қазақстан арасында 2006 жылы қол қойылған энергетика саласындағы өзара түсіністік меморандумы секілді қабылданған неғұрлым жетілдірілген құралдар негізінде энергетика саласындағы қатынастарды жетілдіру бойынша келесі қадамдар жасалатын болады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ынтымақтастық білім саласында да өз жалғасын таппақ. Еуроодақ Орта Азия мемлекеттеріндегі білім жүйесін реформалау мақсатындағы өз көмегінің көлемін ұлғайтады және студент алмасу бағдарламаларын жаңа деңгейге көтереді. Осылайша, аймақтың адам қорына және жастарына инвестиция салады. Бұл өз кезегінде, аймақтың ұзақ уақыт дамуына аса қажет, деп санайды Еурокомиссия мүшелері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті