Сенат "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат  "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда  мақұлдады

Сенат "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Астана. 15 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қараша 2007
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасын қабылдау Бюджеттік кодексті Конституция нормаларымен сәйкестендіруге, қаржылық тұрақсыздық болған жағдайда жедел жауап қатуға, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге жағдай жасауға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді бұған дейін заң жобасын депутаттарға таныстырған еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, заң жобасымен Бюджеттік кодексті жаңадан қабылданған Конституциялық түзетулерге сәйкестендіруге бағытталған нормалар енгізіліп отыр. Заң жобасы қаржылық ахуал нашарлаған жағдайда жедел жауап қату үшін жұмсалатын үкіметтің резервінің көлемін ұлғайту қарастырылған. Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, үкімет резервінің жалпы көлемі бюджет кірісінің жалпы көлемінің 10%-інен аспауға тиіс (қазіргі заңнама бойынша 2%-тен артық болмауға тиіс).

Сонымен бірге, енгізілген өзгерістермен Ұлттық қорға қаржы аударушыларды біржола анықтау үшін мұнай секторы кәсіпорындарына жататын ұйымдардың іс-қызметінің түрлері анықталады.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті