Мекеменің мәліметіне сәйкес, Павлодар облысының Ертіс ауданы орталығында 100 орынға есептелген қазіргі заманғы балабақша салынуда, оны салуға өңір бюджетінен 275 млн теңге бөлінеді.
Ертіс ауданында қазір 80 орынға есетелген балабақша бар. Алайда, баласын тәрбиешілердің қарауына беруге 90 адам кезек күтуде. Мамандардың айтуынша, тағы бір балалар мекемесін салу мәселені шешуге септігін тигізеді.
Өңірлік білім беру департаментінің хабарлауынша, жаңа қазіргі заманғы балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру мекемесі 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ашылады. Сонымен бірге, мекемедегілердің хабарлауынша, келесі жылы Ертіс ауданының Голубовка ауылында балабақша жұмыс істей бастауға тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті