Украина Қырғызстанға жер сілкіну зардабын жоюға $27,3 млн бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина Қырғызстанға  жер сілкіну зардабын жоюға $27,3 млн бөледі

Украина Қырғызстанға жер сілкіну зардабын жоюға $27,3 млн бөледі

Бішкек. 15 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Украина Қырғызстанға жер сілкіну зардабын жоюға қаржылық көмек ретінде 138 млн украина гривнасын немесе $ 27,3 млн бөлетін болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Қараша 2007
  • 602
Фото - Caravan.kz

«Екі жақты қарым -қатынастарды нығайту мақсатында және элемдік тауар нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, Украина Қырғызстан Республикасында орын алған жер сілкіністерінің зардабын жою үшін, қаржылық көмек ретінде 138 млн украина гривнасын, немесе $ 27,3 млн бөлу жөнінде шешім шығарды», -деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Жіберілген ақпарат бойынша, 9 қарашада Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев пен Украина президенті Виктор Ющенко арасында телефон арқылы келіссөздер жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша, «Қырғызстан жағы Украинаның ДСҰ кіру бағытын принциптік түрде қолдау туралы шешім шығарды».

Бішкекте 12- 14 қараша аралығында Украинаның ДСҰ кіру туралы үкіметаралық келіссөздері өтті. Оның қорытындысы бойынша, 14 қарашада Украинаның ДСҰ кіру шеңберінде нарыққа қатыстыру туралы қарарға қол қойылды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, қырғыз-украина арасындағы Украинаның ДСҰ кіру туралы келіссөздері бірнеше жылдан бері өткізілуде. Қырғызстан үкіметі Украинаның елге қайтарылмаған қарыздары үшін оның ДСҰ кіруіне қарсылық танытқан. Ресми Киев кеңес үкіметі кезінен қалған мемлекеттік $ 27 млн қарызды мойындамаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті