Қарағандыда екі тәртіп сақшысы өрт болған базарда тонаушылық жасаған күдікті ретінде танылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда екі тәртіп сақшысы өрт болған базарда тонаушылық жасаған  күдікті ретінде танылып отыр

Қарағандыда екі тәртіп сақшысы өрт болған базарда тонаушылық жасаған күдікті ретінде танылып отыр

Қарағанды. 15 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда екі тәртіп сақшысы 13 қарашада өртенген "Ақжолтай" базарында тонаушылық жасаған күдікті ретінде танылып отыр. Бұл туралы 14 қарашада өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облыстық ІІД тергеу басқармасының бастығы Қайрат Дүйсембеков құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қараша 2007
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Күндізгі саған 2 шамасында «02»пультіне жеке кәсіпкерден тергеу жүргізіп жатқан тәртіп сақшылары сауда жаймаларынан ұрлық жасады деген шағым келіп түскен. Оперативтік тергеу тобында жұмыс істеген бір полиция қызметкерінің жаңа тон киіп жүргені анықталды», -деді Қ. Дүйсембеков.

Оның айтуынша, оқиға орнына ІІД басшылары, ІІД ішкі қауіпсіздік қызметінің мамандары, ІІБ жеке құрам жөніндегі инспекциясының қызметкерлері барған. Тексеру кезінде дерек расталды. Қазір ІІД-нің екі қызметкеріне қатысты тергеу алдындағы тексерулер жүргізілуде, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-ші бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

«Ал тергеушінің өзі ұрлық дерегін мойындамай, тоңғандықтан жылыну үшін тонды кидім деп отыр», — деді Қ. Дүйсембеков.

Өрт болған жерде бес оперативтік тергеу тобы жұмыс істеуде. Бірінші қабатында базар болған «Ақжолтай» мұз сарайында өрт шығу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 187-ші бабы (басқаның мүлкін қасақана жою) бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде қаулы шығарылды, деді Қ. Дүйсембеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті