Байқоңырдағы алғашқы «Өрт сөндірушілер кадеті» сыныбы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің «№ 70 Федералдық өрт сөндіру қызметінің арнайы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Андрей Заровский мен № 4 қалалық орта мектеп оқытушыларының бастамасымен ашылған. Екі жылдық дәріс теориялық сабақ пен көктемгі каникул кезіндегі жаттығуларды қамтиды. Сабақты 2006 жылдан бері Байқоңыр кешенінің нысандарын өрттен қорғауды қамтамасыз ететін № 70 Федералдық өрт сөндіру қызметінің мамандары жүргізетін болады.
«Өрт сөндірушілер кадеті» сыныбында оқыту негізгі жалпы орта (толық) білімнің 3-ші сатысы болып табылады.
Кадеттер екі жыл ішінде «Психологиялық дайындық», «Алғашқы дәрігерлік көмек керсету негізі», «Өрт сөндіру-саптық дайындық», «Нысандар мен елдімекендердегі өрттердің алдын алу», «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару техникасы, байланыс, автоматика», «Өрт сөндіру тактикасы және осыған байланысты алғашқы апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу» курстарын оқиды.
Кадеттер оқуларын аяқтағаннан кейін аттестациядан өтеді. Сынып түлектері Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің профильдік жоғарғы оқу орындарына жолдама алатын болады.
«Өрт сөндірушілер кадеті» бірінші сыныбында 30-ға жуық байқоңырлық жасөспірім оқуларын бастады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті