Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысында қоршаған ортаны қорғау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Семей. 15-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қараша 2007
  • 398
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығымен қоршаған ортаны қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Қанат Мүсәпірбеков тағайындалған, ол осыған дейін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің су көлігіні бақылау басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарған.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Қайрат Жүсіпов қызметкерлерге басшының міндетін атқарушыны таныстыра отырып, мекеме алдында тұрған міндеттерге тоқталып өтті. Ол облыс орталығындағы ауаның ластану проблемалары мен осыған байланысты халықтық денсаулығының нашарлауын атап өтті.

Қ. Жүсіповтың хабарлауынша, Қ. Мүсәпірбеков осыған дейін мекемеде жұмыс істеген. 2004 жылдың мамырына бастап Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары лауазымын, 2006 жылдың маусымынан бастап үстіміздегі жылдың шілдесіне дейін Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының міндетін атқарушы болып қызмет атқарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті