«Барлық кәсіпкерлерге қала орталығындағы басқа сауда ғимараттарынан жұмыс орындары беріледі. Бұл жөніндегі мәселе сауда үйлерінің иелерімен келісілді «, — деп мәлімдеді Н. Нығматулин.
Сондай-ақ , зардап шеккендерден алғашқы үш айда төлем алынбайды. Ал өрттен кейін тауарлар базары қалпына келтірілгеннен кейін, тілсіз жаудан зардап шеккендер қатарына іліккен кәсіпкерлерге мұз сарайының ғимаратынан тегін орындар беру міндеттелді.
Қарағанды мұз сарайының бір бөлігін саудалық орын ретінде 299 адам жалға алып пайдаланған.
«Ең бастысы- өлім-жітім жоқ», — деді Н. Нығматулин.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 13 қарашада Ақжолтай базарында өрт таңертеңгі 10 басталды. Базар «Ақжолтай» спорт кешенінің территориясында орналасқан. Өрт басталар алдында спорт кешенінде балалардың жаттығулары өткен.
Н. Нығматулиннің айтқанындай, «жас хоккейшілер өздерінің жаттығуларын қосымша мұз төселген футбол алаңында жалғастырады. Ал әзірге, ғимарат шатырынан құрылыс заттарының құлау қаупі болғандықтан, спорттық мұз сарайында жаттығулар немесе сайыстар өткізуден бас тартамыз».
Балалар мектебінде 293 хоккейші мен 153 мұзда мәнерлеп сырғанаушы жаттығады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті