Қазақстан Республикасы дизельдік отын мен мазутқа деген сұранысты өз бетінше жабады, ал жанармай сұранысы тек 87,4 пайызға ғана жабылады - ҚР ЭМРМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасы дизельдік отын мен мазутқа деген сұранысты өз бетінше жабады, ал жанармай сұранысы  тек 87,4 пайызға ғана жабылады - ҚР ЭМРМ

Қазақстан Республикасы дизельдік отын мен мазутқа деген сұранысты өз бетінше жабады, ал жанармай сұранысы тек 87,4 пайызға ғана жабылады - ҚР ЭМРМ

Астана. 15-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы дизельдік отын мен мазутқа деген сұранысты өз бетінше жабады, ал жанармайға сұраныс тек 87,4 пайызға ғана жабылады. Бұл туралы бүгін алғаш рет жүргізіліп жатқан "Қазақстанның мұнай өнімдерінің нарығы" халықаралық конференциясында Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ президенті Қайрат Қайпиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 15 Қараша 2007
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Жанармаймен қамтамасыз етілу деңгейі (ішкі өндіріс есебінен — агенттік ескертпесі) небәрі 87,4 пайызды құрайды, ал дизельдік отынға байланысты проблема жоқ, мазут бойынша бізде қамтамасыз етілу деңгейі сұраныстың 167 пайызына жуығын құрайды»,- деді Қ. Қайпиев.

Сонымен қатар Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің өкілі, «АИ-80 және АИ-85 маркалары сияқты төменгі октанды жанармай өндіру республикамыздың сұранысын жабу үшін жеткілікті, ал АИ-93, -95 және — 96 сияқты жоғары октанды маркаларды өндіруде айтарлықтай проблема бар»,- деп атап көрсетті. «Олар әсіресе 1996 жылы осы жанармайға деген сұраныстың күрт өсуінен кейін пайда болды, және де біз қазір Қазақстан нарығына Ресейден тасымалдауға тәуелдіміз»,- деді ол.

Қ. Қайпиевтің ақпараттарына сүйенсек, болжам мәліметтері бойынша жанармайдың жоғарғы октанды маркаларын өндіру көлемі 2007 жылы Қазақстанда ішкі қажеттіліктің 74 пайызын құрайды (Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылы бұл көрсеткіш 82,6 пайызды, 2006 жылы — 65,8 пайызды құраған).

«Осыған байланысты мен біздің ұлттық компаниямыз («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ — агенттік ескертпесі) Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялау жөнінде айтарлықтай салмақты саясат жүргізіп жатқандығына қуаныштымын. Қазір ондағы жөндеу циклдарының аралық мерзімін екі жылға дейін өсіру мүмкіндіктеріне қатысты үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр, бұл мұнай өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттары да осы жолмен жүреді деген үміттемін»,- деп қорытындылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті