Ақтөбеде төртінші халықаралық өнеркәсіптік көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде төртінші халықаралық өнеркәсіптік көрме ашылды

Ақтөбеде төртінші халықаралық өнеркәсіптік көрме ашылды

Ақтөбе. 15-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде "ПромСтройИндустрия-2007" атты төртінші халықаралық өнеркәсіптік көрме ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыс әкімшілігіне сілтеме жасай отырып. Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінің қызметкері Валентина Ускованың ақпараттарына сүйенсек, "іс-шара Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің ресми қолдауымен өтуде және оған Қазақстанның, Германия, Израиль, Италия, Қытай, Ресей, Түркия, Украина және Швецияның 100-ге жуық кәсіпорындары мен компаниялары қатысуда".

  • 16 Қараша 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Көрменің мақсаты — Қазақстанның батыс аймағының өнеркәсібі мен құрылыс индустриясының дамыуына көмек көрсету, сондай-ақ, мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру процессіне заманауи технологияларды енгізу болып табылады»,- деп атап өтті В. Ускова.

Оның айтуынша, «іс-шараның қонақтары мен қатысушыларының назарына заманауи құрылыс технологиялары, техникалар мен механизмдер, өңдеу материалдары, желдеткіш, жылу, кәріз жүйелері және тағы басқалар ұсынылады». Көрме өз жұмысын жұмада, 16-қарашада аяқтайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті